Ақтөбенің жолаушы тасымалдаушылары тарифті екі есеге көтеруді талап етіп отыр

984

Ақтөбенің жолаушы тасымалдаушылары тарифті екі есеге көтеруді талап етіп отыр

Ақтөбеде "Автопарк" ЖШС жолақысын 100 теңгеге дейін көтеруді талап етіп отыр. Тасымалдаушы қазіргі тарифпен шығынға батып жатыр, деп хабарлайды Kapital.kz.

Автопарк тарифті көтеру жөнінде өтініш беріп те қойды, бірақ билік әзірше жауап қата қойған жоқ. 

"Қазіргі 55 теңге бағамен шығын шегіп жатырмыз", – дейді "Автопарк" ЖШС заң бөлімінің басшысы Руслан Жылқаманов.

Оның айтуынша, соңғы уақытта кәсіпорынның шығыны кірісінен асып түскен. Бағаны көтерудегі басты себеп – жанар-жағармай мен қосалқы бөлшектер

"Газ 100%-ға, дизель отыны 40%-ға қымбаттады, шетелден сатып алатын қосалқы бөлшектердің, коммуналдық қызметтердің құны да артты. Сонымен қатар жұмысшылардың жалақысын да көтере алмай отырмыз. Бүгінде жүргізушілер 50 мыңнан  100 мың теңге аралағында жалақы алады", – деп түсіндірді Руслан Жылқаманов.

Заңгердің уәжі бойынша, 2015  жылы субсидия алынып тасталған соң  жұмыскерлерге жалақы төлеу қиындаған.  Қазіргі таңда жағдай қалыпқа келген, дегенмен  техниканы жаңартып, автокөлік жөндеу күрделеніп отыр, дейді тасымалдаушылар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу