Ақтөбенің жолдарын канадалық компания жөндеуі мүмкін

710

Шетелдік компания өкілі бюджет қаражатына едәуір үнемділік алып келеміз дейді.

Ақтөбенің жолдарын канадалық компания жөндеуі мүмкін

Жол жөндеуге жұмсалатын қаржыны үнемдеп, әрі оны сапалы жөндеуге  канадалық "CanRos GRP Inc" компаниясы ниет білдіріп отыр, деп хабарлайды Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Осы жылдың қыркүйек айында компания "Шұбарқұдық-Ойыл-Қобда-Соль-Илецк" автомобиль жол бойының 3 шақырымын өз қаражаттарына сараптамалық жөндеуден өткізуді бастаған. Автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Мәлімбет Ибрашевтың сөзінше, канадалық компания  өнімін  Қазақстан территориясында сатуға рұқсат алып, сараптама жұмысы мақұлданса Ақтөбе жолдарын жөндеумен айналысуы мүмкін.

Шетелдік компания басшысы Юрий Тарасов жол жөндеу саласына жаңа инновация енгізу жөнінде өткен жиында өзі басқарып отырған кәсіпорынның жұмысын таныстырды. Көптеген елде жөндеу жұмыстарын жүргізгенін айтып өтті. Бюджет қаражатына едәуір үнемділік алып келеміз деген компанияның тәсілі қиыршық тастарды қажет етпейді. Бұл тәсіл шалғай ауылдарға тас жеткізу, жөндеу жұмыстарын жеңілдетпек. Мәселен, бір шақырым жөндеуге жұмсалатын 40 млн теңге, канадалық кәсіпорынның тәсілін қолданған жағдайда 28 млн- ға дейін қысқарады.

Облыста  жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 5 мыңнан астам шақырымды құрайды, оның ішінде тек 2,6 мыңы немесе 53% жақсы және қанағаттанарлық жағдайда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу