"Ақтөберентген" 53 сандық құрылғы шығарды

1140

Ол еліміздің өзге өңірлеріне де таратылуда.

"Ақтөберентген" 53 сандық құрылғы шығарды

"Ақтөберентген" АҚ "Атамекен" ҚР  Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен қысқа мерзім ішінде 53 сандық рентген құрылғысын шығарды. Оның 12-сі облыстағы медициналық мекемелерге берілсе, қалғаны осы айдың соңына дейін Түркістан, Ақмола, Павлодар, Алматы, Жамбыл қалалары мен Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарына жеткізілмек. 

"Ақтөберентген" АҚ — отандық цифрлық стационарлық және жылжымалы рентген аппараттарының жалғыз өндірушісі болып табылады. Отандық медициналық техниканы өндірушілерді қолдау шарасы өз кезегінде коронавирус пандемиясы кезінде қажетті құрал-жабдықтармен жеткілікті деңгейде жабдықталуымызға жол ашпақ. Мекемеде жасалған құрылғылар дәл осындай шетелдік аппараттардан кем түспейтінін көрсетіп отыр, оған қажетті кей бөлшектер Италия мен Оңтүстік Кореядан алынады. 

"Атамекен" фармацевтика, медициналық өнеркәсіп және медициналық қызмет комитетінің мәліметінше, жартылай өткізгіш детекторлардың  арқасында құрылғылар жоғары контрастық, яғни  сезімталдық пен кеңістікті жақсы ажыратады.  Бұл COVID-19, туберкулез және басқа қауіпті аурулардың сенімді диагностикасын жүргізуге мүмкіндік береді.  

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу