Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 5 желтоқсанда сағат 13.12-де Ақтоғай ауылында Марденов көшесі, 46 үйінде газ баллоны жарылған.
"Шақыру орнына жеткенде газ баллонының жарылуы салдарынан тұрғын үйге жапсарлас салынған үй-жайдың опырылғаны анықталды. Атап айтқанда, жылыту пеші мен газ баллоны орналасқан веранда мен асүй. 25 шаршы метр аумақ қираған", - деді Ақтоғай ауданы ӨСБ азаматтық қорғау қызметінің бас маманы Әділхан Мағзамов.
Жарылыстың орын алуына газ баллонын сақтау ережесін бұзу себеп болған.
1955 жылы туған әйел адам зардап шеккен. Денесінің 35 пайызын екінші дәрежелі күйік шалған.