Ақтоғай – Аягөз бағытындағы пойыз қозғалысы уақытша тоқтатылады

330

Аталған учаскеде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Ақтоғай – Аягөз бағытындағы пойыз қозғалысы уақытша тоқтатылады Фото: rail-news.kz

20 және 22 қазанда Ақтоғай – Аягөз бағытындағы қала маңындағы пойыз қатынасы уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-ның Семей магистральдық желі бөлімшесінің мәліметінше, аталған күндері Аягөз – РЗД-22 теміржол учаскесінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты пойыздар қозғалысына уақытша шектеу қойылады.

Сондай-ақ 20 және 22 қазан күндеріне аталған бағыт бойынша жол жүру билеттерін сату тоқтатылады.

"Жолаушылардан сапарларын алдын ала жоспарлап, уақытша өзгерістерді ескеруді сұраймыз", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу