Ақтоғайда мыс концентраты өндіріле бастады

1916

Ақтоғайда мыс концентраты өндіріле бастады

KAZ Minerals Тобы Ақтоғай кен байыту кешенінде 2017 жылдың бірінші тоқсанына жоспарланған сульфидті кеннен алғашқы тауарлы мыс концентратын өндіру басталды деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Концентратты Ақтоғайдан жөнелту жақын уақытқа жоспарланған. Сульфидті кенді өңдейтін Ақтоғай кен байыту фабрикасы 2017 жылдың екінші жартысында жобалық өндіріс деңгейіне жетуі үшін қуатын арттыруды қазірден бастады. Ақтоғай КБК-нің биылғы жылдағы жоспарлы көрсеткіштері 2017 жылғы 23 ақпанда Топтың қаржылық нәтижелерімен бірге жарияланатын болады.

"Ақтоғай КБК-де сульфидті кеннен мыс концентратының өндірісі басталғаны туралы қуана хабарлаймын. Негізгі екі өркендеу жобамыз да қазіргі уақытта толығымен іске қосылды. Топ өндіріс өсімін сенімді түрде жалғастырып, 2018 жылы жылына 300 мың тонна мыс көлеміндегі көрсеткіштерге жету жолында келеді. Біздің өнімнің 80% ашық типтес азшығынды кеніштерден келіп түсетін болады", – деді KAZ Minerals Тобының басқарма төрағасы Олег Новачук.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу