Ақтоғайда үш ауылдың тұрғындары жайылымсыз қалды

425

Белгілі болғандай, ауылдың жайылымдық жерін өңірдегі ірі кәсіпорын меншіктеп алған.  

Ақтоғайда үш ауылдың тұрғындары жайылымсыз қалды Фото: Ашық дереккөзден

Павлодар облысының Ақтоғай ауданында үш ауылдың тұрғындары жайылымнан айырылып қалды. Халықтың мал өргізетін жерін жергілікті билік әлдебір ықпалды бизнесменге беріп жіберген. Жалғыз күнде жер сипап қалған қараша Ақордаға ат басын бұрамыз дейді.

"Жер иесі халық жерді қайтарсын!" деп жан дауыстары шыққан халық Ақтоғайдағы үш ауылдың тұрғындары. Соның ішінде Әтейхан Доғал 1 187 гектар аумақты 16 жыл бұрын 49 жылға жалға алған. Қолында барлық құжаттары бар. Малын өргізіп жүрген жеріне басқа біреу иелік етіп, төңіректі түгелдей жыртып тастапты.

"Сонда маған 100 гектар да жер қалған жоқ. Сонда мына құжатты қалай жасап бергенінде білмеймін. Мынау заңды құжатты қолыма берген 49 жылға әкімнің қолы бәрі жазылған. Енді маған сол мың гектар жерімді қалай да тауып берсін", - дейді Ақтоғай ауылының тұрғыны Әтейхан Доғал.

Онсыз да биыл өңірде қуаңшылық болып малын ала жаздай әрең бағып шыққан жұрт енді азын аулақ төрт түлікті пышаққа жықпасқа амал жоқ дейді. Өйткені, өріс тарылды малдан пайда қалмады. Жерге иелік еткен мықтылар тіпті ауылдың іргесіндегі зиратқа дейін қоршап алған.

"Жем болса, қымбат шөп болса, қымбат малымызды күзді күні жайып семіртіп әкелейік десек, оған да мүмкіндік беріп тұрған жоқ. Барлығын ірі кәсіпкерлерге ірі шаруашылықтарға беріп тастап отыр. Зиратқа баратын жолды жауып тастады. Зиратқа баратын жолған ворота салып кілттеп тастады кәсіпкерлер", - Мүткенов ауылының тұрғыны Мейрам Имашев.

Белгілі болғандай, ауылдың жайылымдық жерін өңірдегі ірі кәсіпорын меншіктеп алған. Өткен жылы аукцион арқылы төрт мыңға жуық гектар жерді алған. Соның ішінде үш елді мекеннің өрісі де кетіп қалған. Аудан билігі ауызды қу шөппен сүртіп, жердің өзгенің еншісіне өтіп кеткеніне аң таң.

"Осы жер заң бойынша аукционнан алды біздің қожайын Филипишин Анатлоий Владимирович аукционнан алды, 3800 гектар. Қазір мен ештеңе айтпаймын. Түстен кейін комиссия келеді. Осы жерде дау бар", - дейді Ақтоғай ауданының әкімі Қаршыға Арынов.

Даулы жерді арнайы комиссия тексеретін болды. Бармақ басты көз қыстыға кім салғанын анықтаймыз дейді. болады. Ал, тексеру нәтижесі оң шешім бермесе тұрғындар Ақорданың есігін қағуға дайын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу