ҚР мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова "Славян базары-2019" халықаралық фестивалінде Гран-приге ие болған Әділхан Макинмен, "Молодая Галичина" 26-шы Халықаралық ән фестивалінің бірінші дәрежелі дипломанты Мереке Кенжеғұловпен, Гран-при иегері Қуаныш Ерзатұлымен, жүлдегерлері "Қазақ қыздары" тобымен кездесті.
Кездесу барысында ҚР мәдениет және спорт министрі түрлі халықаралық жарыстарда жүлделі орын алған таланттарды құттықтады.
"Славян базары-2019" xалықаралық фестивалінің жеңімпазы – өзіміздің Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының эстрада-өнер факультетінің 4 курс студенті Әділхан Макин. Бас жүлде – бұл үлкен жеңіс. Төрт жыл бұрын осы жарыстың сахнасында Димаш Құдайбергеннің жұлдызы жанған еді. Бұл жеңіс – Әділхан Макиннің әлем сахнасындағы алғашқы қадамы, оның алдағы табыстары мен жеңістеріне апаратын жол екеніне сенімдімін. Біз қолымыздан келгенше барлығына көмектесеміз",– деп атап өтті министр.