Ақтоты Райымқұлова "Қазақфильмдегі" өртті сөндіруге қатысқандарға алғыс білдірді

922

14 тамыз күні түнде Алматыдағы Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ музейінде өрт шықты.  

Ақтоты Райымқұлова "Қазақфильмдегі" өртті сөндіруге қатысқандарға алғыс білдірді

"Қазақфильм" киностудиясында орын алған төтенше жағдайға байланысты ҚР Мәдениет және спорт министрінің қатысуымен кездесу өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Министрлік өкілдерімен кездесуге Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясының президенті Ақан Сатаев, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров, Алматы қаласының ІІД және ТЖД өкілдері қатысты", делінген киностудияның instagram-ға сілтеме жасап.

Кездесу барысында өрт шыққан орындарда тексеру жүргізіліп, жауапты мекемелер өкілдері өрттің пайда болуының себебі мен хронологиясы туралы баяндама жасады. ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова өртті сөндіруге қатысқан азаматтарға алғысын білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу