Отандық актриса Әсел Сәдуақасованың сүйіктісі кім екені белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Әсел Сәдуақасованың таңдауы түскен азаматтың аты-жөні — Мағжан Тілеуханов. Ол актрисадан жеті жасқа кіші. Мағжан маркетолог әрі блогер Арман Юсуповқа тиесілі "Поток" жобасының негізін қалаушы.
"Алғаш рет бірінші боп өз сезімімді білдірдім. Ол мұндайды күтпеді", деп жазды Әсел.
Бұған дейін актриса Әсел Сәдуақасова 2 млн теңгелік курс ұсынғанын хабарлаған болатынбыз. Әселдің психология және рухани тәжірибелер бойынша білімін растайтын арнайы сертификаттары жоқ.
Тимур Балымбетовтың ютуб арнасына берген сұқбатында ол ішкі тепе-теңдікті іздеу жолымен бөліседі. Сондай-ақ әкесімен татуласудың оның өміріне әсері, жұмыстағы үзілістердің себептері және сүйікті адамы туралы әңгімелеп берген еді.