Таяуда спортшы Жанқош Тұраров "қыз зорлады" деген ақпарат желіде желдей ескен болатын. "Зорландым" деген қыз баланың әкесі танымал композитор Қалдыбек Құрманәлі қызы үшін соңына дейін күресетінін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.
Журналист Жұлдыз Төлеу сазгер Қалдыбек Құрманәліге хабарласып, жағдайға қатысты пікір алған.
"Бұл Қалдыбек мына өмірде не көрмеді дейсің? Қызымды ақтық демім қалғанша қорғаймын, күресемін. Қызыма күнде хабарласып, қолдау көрсетіп отырмын", – деп жауап бергенін айтады.
Журналистің сөзінше, Әнару Қалдыбекқызы осы жағдайдан соң өзіне бірнеше рет қол жұмсамақ болған көрінеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу