Ақүй Башар Асадтың химиялық шабуылға дайындалып жатқанын жеткізді

1051

Ақүй Башар Асадтың химиялық шабуылға дайындалып жатқанын жеткізді

Уашингтон жағы мәлімдеме жариялап, Башар Асадтың жаңа химиялық шабуылға дайындалып жатқанын, егер бұл шабуыл жүзеге асатын болса сириялық диктатор үшін бұл қадамының төлемі ауыр болатынын ескертті, деп хабарлайды qazaqtimes.com.

Ақүй таратқан мәліметте: "Осыған дейін айтып келдік, АҚШ әскерлері Сирияда "Ислам мемлекеті" террорлық ұйымын жою үшін күресіп келеді. Бірақ, Башар Асад тағы да химиялық қару қолданып, қырғыншылық жасайтын болса, оның бұл қадамына беретін төлемі өте ауыр болады", – деп ескертті.

Сонымен бірге, Ақүй мәлімдемесінде жаңа химиялық шабуыл зор көлемді қырғыншылық тудырып, жазықсыз бұқаралар, оның ішінде әйелдер мен балалар жапа шеккелі тұр деді. Сирияның Идлиб аймағында 4 сәуір күні болған химиялық шабуылдан 87 адам қаза болған еді. Оның ішінде әйелдер мен балалар да бар. Батыс елдері Башар Асад билігі қырғындағыш қару қолданып, жазықсыз бұқарға күш көрсетті деп айыптаған болатын. Алайда, Сирия билігі бұл жауапкершілікті үстіне алмайтынын айтқан. Ресми билік Сириядағы оппозиция немесе лаңкестік топтардың арандатуы деп те көрсеткен. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу