Ақүй Ресейге қатысты жаңа санкция енгізуді қолдады

1012

Ақүй Ресейге қатысты жаңа санкция енгізуді қолдады

АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі Ресей және Иранға қатысты жаңа санкцияларды қолдады. Алайда, заң жобасы қазір Конгрестің қарауында. Бұл жөнінде Ақүйдің заң шығару мәселелері жөніндегі өкілі Марк Шорт мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оның сөзінше, маусым айының ортасында заң жобасын АҚШ сенаты қабылдаған. Бұл Конгрестің сыртқы саясат жөніндегі 585 мүшесіне үлгі болатын жағдай. Егер АҚШ президенті санкцияларды жеңілдеткісі не алып тастағысы келсе, Конгресс дауысқа салуы керек.

14 маусымда АҚШ сенаты Ресейдің 2016 жылғы президент сайлауына араласуына жауап ретінде санкцияларды кеңейту жөнінде заң жобасын мақұлдаған.

Жаңа санкциялар ресейлік барлау және қорғаныс саласының қызметкерлеріне қарсы бағытталған. Сонымен бірге Ресейдің темір жол, өндіріс ошақтарына да қатысты болуы мүмкін. Онда адам құқықтарын бұзғандарды жазалау қарастырылған.

АҚШ-тың бірқатар мұнай және энергетикалық компания өкілдері Ресейге қарсы санкцияларды қатайтуға қарсы. Олардың пікірлерінше, бұл америкалық компаниялардың жағдайын әлсіретеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу