Негізінен акула түрлері адамдарға себепсіз шабуыл жасай қоймайды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"International Shark Attack File" жобасының халықаралық экологтар тобы былтыр акулалардың адамға жасалған 47 шабуылын тіркеген. Бұл статистика 2023 жылмен салыстырғанда 32%-ға аз. Тіпті, соңғы он жылдағы орташа көрсеткіштен 33%-ға кем болып тұр. Мұны Флорида табиғи мұражайының (FMNH) баспасөз қызметі хабарлаған.
– Ғалым ретінде бізді акулалардың табиғи ортада қалай ұстайтыны қызықтырады, бұл олардың кейде адамдарға неліктен шабуыл жасайтынын түсіну үшін қажет. Осы себепті біз бұл балықтардың мінез-құлқына кез келген сыртқы факторлар немесе адамдардың әрекеттері әсер еткен кез келген ықтимал жағдайларды деректер жиынтығынан алып тастадық, – дейді FMNH акулаларды зерттеу бағдарламасының ғылыми директоры Гевин Нейлор.
International Shark Attack File зерттеушілері бірнеше жыл бойы акула түрінің қай аймақтарында адамдарға себепсіз шабуыл жасайтынын жүйелі түрде бақылауда. Акулалар мұхиттар мен теңіздердің жағалауларында адамдарға өте сирек агрессия жасайды.
Экологтар 2024 жылы акулалардың адамға 47 шабуылын тіркеді. Одан қайтыс болғандар саны да айтарлықтай кеміген.
Зерттеушілер акула шабуылының басым бөлігі АҚШ-тың Атлант және Тынық болатынын айтқан. Ол жерлерде бақылаушылар осындай 28 оқиғаны тіркеген. Серфинг әуесқойлары теңіз жыртқыштарының агрессиясын ең көп бастан өткереді. Айтқандай, акула шабуылының көбі Аустралия (13) жағалауында болғаны анықталды.
Экологтар оны жыртқыш шеміршекті балықтардың адамдарға қатысты ең агрессивті екі түрінің (ақ акулалар мен сұр бұқа акулалары) осы аймақта көп таралуымен байланыстырады.
Ал Батыс Сахара жағалауында, Үндістанда, Белизде, Тринидад пен Тобагода, Мальдив аралдарында, Мозамбикте, Таиландта және Кариб теңізінің бірнеше елінде жыртқыштардың шабуылы тіркелген.