Ақылбек Күрішбаев лауазымды тұлғалардың әрекетін сынады

821

Олардың өз жақындарына келгенде, неге заңды айналып өткісі келетініне реніш білдірді.

Ақылбек Күрішбаев лауазымды тұлғалардың әрекетін сынады

"Бармақ басты, көз қысты" мінезден қашан арыламыз? Қазақ агротехникалық университетінің ректоры Ақылбек Күрішбаев Facebook парақшасында құқық қорғау органдарының өкілдері мен лауазымды тұлғалардың іс-әрекетіне осылай деп реніш білдірді.

"Университет ректоры ретінде менің қабылдауыма адамдар әр түрлі сұрақтармен келеді. Соның ішінде лауазымдағы қызметкерлер, құқық қорғау мекемелерінің өкілдері жəне т.б.: "Емтиханның бағасын қойғызып берсеңіз. Тест тапсыру кезінде тексермей кіргізуге болмай ма? Студент тәртіп бұзып оқудан шығып кетiп едi, алайда оқуда қалуына кɵмек кɵрсетсеңiз (т.б.) ..." деген өтініштерін айтады", - деп жазады ректор.

Олардың бұл мәселенің заң аясында, бекітілген ережеге сәйкес шешілетінін ренішпен қабылдайтынын жазады.

"Осындай жағдайлар ойға қалдырады. Бұл адамдар мемлекеттiк қызметте жұмыс iстейдi. Әрине, заңның бәрін біледі. Бірақ өз жақындарына келгенде, неге заңды айналып өту керек? ЖАСТАР осындай әрекеттерді көріп БҰЗЫЛМАЙ МА? Аға буын ретінде жастарға бесіктен әділдікті үйретуді неге ойламаймыз? Меніңше, қоғамда тәртіп орнатып, болашағымызға шын жанашырлық көрсеткіміз келсе, жаңаруды өзімізден бастауға тиіспіз! Осындай "бармақ басты, көз қысты" мінезден қашан арыламыз?", - дейді  Ақылбек Күрішбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу