Ақылбек Жапаров: Еуропаға терезе жабылса, біз Азияның қақпасын ашуға дайынбыз

1158

Бішкекте бірінші Еуразиялық экономикалық форум өтіп жатыр деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ақылбек Жапаров: Еуропаға терезе жабылса, біз Азияның қақпасын ашуға дайынбыз

Бұл туралы форумның ашылуында Қырғызстан Премьер-Министрі Ақылбек Жапаров мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

"ЕАЭО саяси одаққа айналатын экономикалық қауымдастықтың үлгісі болуы керек. Батыстан Шығысқа өркениеттік ығысу жүріп жатыр. Экономикалық тартылыс орталығы Азия континентіне ауысуда. Еуропаға терезе жабылса, біз Азияның қақпасын ашуға дайынбыз. Бұрын-соңды болмаған өзгерістердің куәсі болып отырмыз, онда біздің Одақ өзінің басым позициясын алуы керек", – деді Жапаров.

Оның айтуынша, жаһандану кезеңінде және әлемдік қаржы-экономикалық жүйедегі дағдарыстық құбылыстардың сақталуы, турбуленттілігі жағдайында интеграциялық процестер өзекті әрі маңызды бола түсуде.

"Бірлескен іс-әрекеттер, ортақ мүдделер мен міндеттер негізінде біріккен мемлекеттер нақты артықшылықтарға ие бола отырып, жаһандық экономикада табыстырақ алға жылжуда. Одақтың қатысушы елдер үшін өзара пайдасы айқын. Бізде одан әрі интеграциялану үшін орасан зор әлеует бар", – деді Қырғызстан премьер-министрі. 

Ақылбек Жапаров Одақ бағдарламалары негізгі интеграциялық құралдардың бірі болып табылатынын және өндірістік қуаттарды жүктеуге, қосымша жұмыс орындарын ұйымдастыруға, сондай-ақ әлемнің көптеген елдеріне экспорттық жеткізілімдерді арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

"Еуразиялық интеграциялық жоба үшін әр мемлекет өндірушілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы өз нарығын дамыту – ең төменгі міндет. Ең жоғары міндет – сыртқы нарықтағы позицияларды нығайту", – деп қосты Жапаров.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу