Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті ақылы автомобиль жолымен (учаскесімен) жол жүру ақысын күнтізбелік 7 күннің ішінде төлеу қажет екенін еске салды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Осы ретте төлем жасаудың 20-дан астам әдісі қарастырылған. Атап айтқанда, QAJ mobile мобильді қосымшасы, Kaspi.kz, Kiwi-әмиян, Forte Bank арқылы және т.б.
8-ші күні "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 628-бабына сәйкес жол ақысын төлемеген жағдайда әкімшілік айыппұл есептеледі. Жеке тұлғалар үшін айыппұл мөлшері - 5 АЕК, заңды тұлғалар үшін - 10 АЕК құрайды (2023 жылы 1 АЕК көлемі 3 450 теңгеге тең).
Әкімшілік жауапкершіліктің алдын алу үшін автокөлік иелері мен жүргізушілер ақылы автомобиль жолымен (учаскесімен) жол жүру ақысын уақытылы төлеуі қажет.