Бұл модель жолдардың сапасын арттыруға және оның деңгейін тұрақты ұстап тұруға мүмкіндік береді. Ең маңыздысы – мұның барлығы республикалық бюджетке қосымша салмақ түсірмей жүзеге асады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ақылы жолдар өз-өзін толықтай қамтитын жүйе. Өйткені мұндай жолдарды күтіп-ұстауға республикалық бюджеттен қаржы бөлінбейді. Жолды күтіп ұстау мен дамытуға қажетті қаражат тек жол пайдаланушыларынан түскен төлем есебінен қалыптасады.
Бұл тәсіл қаржы ағынының тәуелсіздігін және тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Ал бұл өз кезегінде жолдағы қауіпсіздік пен қызмет көрсету сапасының жоғары деңгейін сақтауға айрықша маңызды.
Ақылы жолдар – өзін-өзі қамтамасыз ететін заманауи модель
Қазақстан Республикасының "Автомобиль жолдары туралы" Заңы мен Үкіметтің №744 қаулысына сәйкес, "ҚазАвтоЖол" ұлттық операторы республикалық және халықаралық маңыздағы ақылы жол учаскелерін күтіп-ұстауды және дамытуды жүзеге асырады.
Ақылы жолдардан жиналған барлық қаражат жеке есепшотқа түсіп, нақты бағыттар бойынша жұмсалады:
- жолдарды күтіп-ұстау және жөндеу,
- төлем алу жүйесін қамтамасыз ету,
- жол-пайдалану техникасын жаңарту,
- жол қауіпсіздігі мен пайдаланушыларға қолайлы жағдай жасау.
Яғни жүргізуші төлеген әрбір теңге қайтадан сол жолға қызмет ретінде оралады.
2024 жылдың қорытындысы
2024 жылы ақылы автожолдардан түскен қаржы көлемі 53 млрд теңгені (ҚҚС-пен) құрады. Бұл қаражат жол инфрақұрылымының үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді:
– ақылы учаскелерді күтіп-ұстау мен төлем алу жүйесін жүргізуге,
– 680 бірлік жол-пайдалану техникасын сатып алуды қоса алғанда, капиталдық шығыстарға,
– өзге де міндетті шығындарға бағытталды.
Сонымен қатар 383 млн теңге республикалық бюджетке аударылды.
Жыл бойы ауқымды жұмыстар атқарылды:
– 43 мың м2 астам ауданда ойықтар жөнделді,
–17,6 мың шақырымда жол таңбаларын жаңартылды,
– 29 мыңға жуық сигналдық бағанша орнатылды,
– заманауи ақпараттық және жарықтандырылған белгілерді жөнделді,
– 2,3 млн текше метрден астам қар тазалау және басқа да жұмыстар жүргізілді.
2025 жылдың 10 айының нәтижелері: желіні кеңейту және қызмет сапасын арттыру
2025 жылдың қаңтар–қазан айларында 72 млрд теңге (ҚҚС-пен) түсті. Бұл көрсеткіш ақылы жолдар желісінің 4 883 шақырым болатын 26 учаскеге дейін кеңеюімен тығыз байланысты.
Қаражаттың негізгі бөлігі төмендегі бағыттарға жұмсалды:
– жолдарды және инфрақұрылымды күтіп-ұстау,
– капиталдық шығындар, соның ішінде 89 трактор сатып алу және тағы 504 техника бірлігін жеткізуге дайындық,
– өзге де қажетті шығындар.
10 айда орындалған жұмыстардың көлемі де едәуір:
–61,4 мың м2 ауданда ойықтар жөнделді,
– 19,6 мың шақырымда жол таңбасы салынды,
– 4 363 жол белгісі орнатылды,
– 31,6 мың бойлық метр қоршау жөнделді,
– 417 мың шақырым жолды қардан тазартылды.
Ашықтық пен бақылау – сенім негізі
"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының қызметі Бас прокуратура, ҰҚК, ЖАП, Ішкі мемлекеттік аудит комитеті және басқа да мемлекеттік органдар тарапынан тұрақты бақылауда. 2024 жылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен Ішкі мемлекеттік аудит комитеті тарапынан тексерулер жүргізілді.
Компанияның қаржылық есептілігі жыл сайын тәуелсіз аудиттен өтіп, Қаржы министрлігінің депозитарийінде және ресми сайтта ашық жарияланады. Бұл қаржының мақсатты әрі тиімді жұмсалуына толық айқындық береді.
Ақылы жолдар: көлік инфрақұрылымының дамуына қосылған үлес
Ақылы жолдар – еліміздің жол саласын жаңғыртуға мүмкіндік беретін заманауи тетік. Олар:
– жол сапасының жоғары стандартын сақтауға,
– қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға,
– логистикалық байланыстарды жылдамдатуға,
– инфрақұрылымға инвестиция тартуға,
– республикалық бюджетке түсетін жүктемені азайтуға ықпал етеді.
Жолдың әрбір шақырымы, әрбір жаңа техника, әрбір орнатылған белгі – ақылы жүйенің нәтижелі жұмысының көрінісі. Бүгін де бұл жүйе еліміздің жол желісін жаңғыртудың маңызды қозғаушы күші болып отыр.