Ақылы автожолдардан түскен қаржы 5 млрд теңгеден асады

889

Елімізде 682 шақырым ақылы автомагистраль бар. Былтыр осы жолдардан 5,1 млрд теңге пайда келсе, биылғы түскен қаржы қазірдің өзінде 5,2 млрд теңгені құрайды. Бұл туралы "QazAvtoJol" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Ұлан Әліпов айтты.

Ақылы автожолдардан түскен қаржы 5 млрд теңгеден асады

Қазақстанда Нұр-Сұлтан – Щучье, Нұр-Сұлтан – Теміртау, Алматы – Қорғас және Алматы – Қапшағай бағытында төрт ақылы автожол салынған. Осы жолдардан жыл сайын шамамен 5 млрд теңгеден астам қаржы түседі екен. Жиналған қаражаттың бәрі салынған жолдарды күтіп-баптауға жұмсалады. 

"Автожолдарға республикалық бюджеттен 43 млрд теңге бөлінетін. Келесі жылға 19 млрд теңге көлемінде қаржы қарастырылып отыр. Біз жолды салуға және жөндеуге жетпеген ақшаны ақылы автомагистральдардан түскен қаржыдан аламыз", – дейді Ұлан Тоқтарбайұлы.

Қымбат Нұрғали

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу