Ақылы емханаға жіберетін дәрігерлерге айыппұл салынады

711

Ақылы емханаға жіберіп, дәрі сатып алуды міндеттейтін дәрігерлерге айыппұл салынады, деп хабарлайды Atameken Business..  

 Ақылы емханаға жіберетін дәрігерлерге айыппұл салынады

Тегін ем алмаған науқастан шағым түссе, сақтандыру қоры осындай жаза қарастырады. Одан кейін іс денсаулық басқармасына, артынша министрлікке жолданады. Ведомство өз алдына бөлек әкімшілік жаза тағайындайды. Мәселен өткен жылы 50-ден астам Бас дәрігер қолжетімді медициналық көмек көрсетпегені үшін сөгіс алған. Ал күні кеше ғана алматылық маман коронавирус жұқтырған науқасқа тегін берілетін дәріні 160 мың теңгеге сатқан. Енді қор басшылығы мәселеге қатысты тексерісті бастамақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу