Ақылы көлік тұрақтарынан елорда бюджетіне 500 млн теңге түсті

954

Қазіргі сәтте Нұржол бульварында 487 тұрақ орны толық жұмыс істеуде. Есіл, Сарыарқа, Алматы, Байқоңыр аудандарында 5 мың тұрақ орны іске қосылуға дайын.

Ақылы көлік тұрақтарынан елорда бюджетіне 500 млн теңге түсті

Ақылы тұрақтардың тікелей қызметі қала бюджетін жалпы сомасы 21,7 млн теңгеге (түсімдегі үлесі мен салықтар) толықтырды, деп хабарлады astanapark.kz.

Қазіргі сәтте фотобейнетіркеудің мамандандырылған мобильді кешендері 200 мыңнан аса бұзушылықты тіркеп, қала бюджетін 500 млн теңгеден асатын сомаға толықтырған.

Биылғы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Нұр-Сұлтан қаласы ПД Әкімшілік полиция басқармасына жіберілген тұрақты төлемегені үшін бұзушылықтардың саны 11 мыңды құраған. Өткен жылдағы осы кезең ішінде 23,18 мың бұзушылық тіркелген.

"Кез келген дамыған қала уақыт өте тұрақтарды ақылы етуге мәжбүрлі. Астана да осы тәжірибеге келді. Біздің компаниямыз жер телімдерінің меншік иесі болып табылмайды. Олар Нұр-Сұлтан қаласының көше мен жол желісінің бөлігіне жатады. Жобада бюджеттік қаражат жоқ", – дейді  "Парковочное пространство Астаны" ЖШС директоры Шыңғыс Досыбаев.

Ақылы тұрақтар жүйесі толығымен 1,2 млрд теңгеден асатын сомаға тартылған жеке инвестициялар есебінен жүзеге асырылды. 2020 жылы жобаны кеңейтуге жұмсалған инвестициялар 600 млн теңгеден асып, қала бюджетінің жүктелімін төмендетуге мүмкіндік беріпті.

"Биылғы жылдың қазан айында қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша төлем қарастырылған. "Заңды тұлғаларға арналған абонементтер" жобасы іске қосылды. Корпоративтік абонементтердің пайдаланушыларына электрондық шот-фактуралар мен орындалған жұмыстардың электрондық актілері ұсынылады. Абонемент көліктің мемлекеттік нөміріне бекітіледі. Абонемент иесі арнайы құжаттарды ұсынбастан, барлық ақылы аймақтарға көлігін қоя алады. Жүйе автоматты түрде төлемнің бар екендігін анықтайды. Мүгедектер мен азаматтардың жеңілдікті санаттары үшін "Парковочное пространство Астаны" ЖШС компаниясында құжаттарды тиісті түрде ресімдеген кезде тұрақ тегін", – деп жазылған хабарламада.

Ақылы тұрақты енгізу арқылы астана көшелерінің жүктелімін азайту жөніндегі жоба Нұр-Сұлтан қаласында 2018 жылғы 15 қаңтарда іске қосылды. Ақылы тұрақтардың жұмысымен байланысты барлық сұрақтар бойынша жұмыс күндері таңғы сағат 8.00-ден кешкі 20.00-ге дейін 8 800 080 2888 нөмірі бойынша бірыңғай байланыс-орталығына хабарласуға болады. Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін.

Ақылы тұрақтардағы бір сағат – 100 теңге. Тұрақ үшін төлем тұрақ сессиясы басталғанға дейін алдын-ала төлем бойынша жүргізіледі. Тұрақ құнын көлік тоқтаған сәттен бастап 30 минут ішінде төлеу қажет. Тұрақтар таңғы сағат 8.00-ден кешкі 20.00-ге дейін жұмыс істейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу