Оқиға 15 қыркүйек түнгі сағат екілер шамасында Алматы-Өскемен тас жолының 25-шақырымындағы Қонаев терминалының маңында болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.
Chevrolet Cobalt көлігінің жүргізушісі жоғары жылдамдықпен ақылы терминалдың бетон қоршауына соғылған, одан ұшып, алдында тұрған Hyundai Sonata көлігімен соқтығысқан. Chevrolet жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.
"Жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды, болжам бойынша Chevrolet көлігін басқарған ер адам тізгінге ие бола алмай қалған", – деп хабарлады Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу