Ақылы тұрақтардан түскен табыстың 25%-ы әкімдікке тиесілі болмақ

509

Енді ақылы тұрақтардан түскен табыстың 25%-ға дейінгі мөлшері әкімдікке тиесілі болады.

Ақылы тұрақтардан түскен табыстың 25%-ы әкімдікке тиесілі болмақ Фото: inbusiness.kz

Елорда әкімдігі “Астана тұрақ кеңістігімен” арадағы шарттың талаптарын қайта қарайтынын мәлімдеді.

Бұған дейін құзырлы орган мен жеке меншік компания табысты 95-те, 5 пайыз мөлшерінде бөлетін. Яғни, жалпы соманың басым бөлігі - жеке серіктестікке, қалған 5 пайызы мемлекетке түсіп отырған. Дегенмен, айта кетерлігі- айыппұлдар есебінен келген қаржының барлығы қалалық бюджетке аударылады.

Бұған дейін қала басшысы Жеңіс Қасымбек ақылы тұрақтардың жұмыс форматы өзгеріске ұшырайтынын жеткізген еді. Олардың орналасқан жерлері, жұмыс графигі мен тарифтері де қайта қаралмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу