Елімізде жолда жалған және жасырылған "нөмір" тағып алатындар азаймай тұр, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Заңсыздықтар ақылы трассада жүрген жүргізушілерден анықталып отыр. "ҚазАвтоЖолдың" мәліметінше, кейбір жүргізушілер жолдың ақысын төлемес үшін немесе қателіктерін жасыру үшін осындай қадамға барады екен. Мысалы, жүк көліктерінің бірінде арнайы құрылғы бар. Батырманы бассаң – нөмір көрінбей қалады, сәйкесінше камера "оқи алмайды". Барлық дерек тиісті орындарға беріледі.
Жалған нөмір тағып, тәртіпті сақтамағандар заң алдында жауап береді. Ол үшін әкімшілік жауапкершіліктен бастап, көлік басқару құқығынан айыруға дейін жаза қарастырылған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу