Ақылы жолдан түсетін жыл сайынғы жиынтық 30 миллиард теңгені құрайтын болады

871

Ақылы жолдан түсетін жыл сайынғы жиынтық 30 миллиард теңгені құрайтын болады

2020 жылға қарай ақылы жолдан түсетін жыл сайынғы жиынтық 30 млрд теңгені құрайды. Бұл туралы ҚР ИДМ автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Мереке Пішембаев айтты, деп хабарлайды strategy2050.

"2020 жылға қарай ақылы жолдан түсетін жыл сайынғы жиынтық 30 млрд теңгені құрайтын болады. Жалпы алғанда, жүргізілген жұмыстың қорытындысы бойынша республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 90%-ын жақсарту, І және ІІ-техникалық санаттағы автомобиль жолдарының үлесін 50%-ға дейін арттыру көзделген. Бұл жүк тасымалын 2 есеге арттыруға және жолға кететін уақытты 1,5 есеге азайтуға мүмкіндік береді", - деді ол.

Пішембаевтың айтуынша, биыл Қарағадыны айналып өтетін жолды қосқанда Орталық-Оңтүстік жобасының Теміртау-Қарағанды учаскесінде құрылыс жалғасуда. Сондай-ақ, Орталық-Шығыс жобасы бойынша Астана-Павлодар-Семей-Қалбатау және  Бейнеу-Ақтау, Ақтөбе-Атырау, Қапшағай-Талдықорған, Астана-Петропавл және Орал-Қаменка учаскелеріндегі жалпы ұзақтығы 1,2 мың шақырым болатын учаскелерде құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Өтпелі жобалармен қатар, бюджеттік қаражат есебінен ұзақтығы 511 шақырым болатын Бейнеу-Ақжігіт, Щучинск-Зеренді, Таскескен-Бахты, Үшарал-Достық, Осиновский асуы, Қостанай-Денисовка сияқты 6 жобаны іске асыру қолға алынды.

"2018-2019 жылдары республикалық маңызы бар 6,2 мың шақырым автожолдарды орташа жөндеуден өткізу үшін 4,4 мың шақырымды реконструкциялау және 800 шақырым жолға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр", - деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу