Ақылы жолдар саны артып жатыр

450

Бүгіннен бастап "Павлодар-Семей-Қалбатау" автожолы ақылы болмақ.  

Ақылы жолдар саны артып жатыр  Фото: inbusiness.kz

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2023 жылғы 21 қыркүйектегі бұйрығына сәйкес 8 қазаннан бастап II және III техникалық санаттағы ақылы автомобиль жолдарын кезең-кезеңімен енгізу процесі іске қосылды, деп жазады inbusiness.kz.

QazAvtoJol Telegram-арнасында хабарланғандай, жоғарыда аталған учаскелер бойынша ақы енгізу туралы бұйрықтар әділет органдарында мемлекеттік тіркеу рәсімінен өтті.

Осылайша, бүгіннен бастап "Павлодар-Семей-Қалбатау" автожолы ақылы болмақ.
 
Жол ақысын одан әрі енгізуді автомобиль жолдарының 5 учаскесінде іске асыру жоспарлануда:
2023 жылғы 9 қазан — "Бейнеу-Ақжігіт";
2023 жылғы 10 қазан - "Орал-Самара";
2023 жылғы 14 қазан — "Павлодар-Омбы";
2023 жылғы 16 қазан — "Көкшетау-Петропавл".

"Орал-Саратов" автомобиль жолының учаскесінде ақылы жол бойынша бұйрық соңғы келісімдерден өтіп жатыр. 
 
1-сыныпты жеңіл көліктер төлемнен босатылады. Жол ақысы көлік құралдарының 2-6 класынан алынады.
 
1. КҚ сыныбы (жеңіл) - 0 тг/км (босатылған);
2. КҚ сыныбы (16 орынға дейінгі автобустар және жүк автобустары) 1-ден 2,5 тн — 5 тг/км-ге дейін;
3. КҚ сыныбы (32 орынға дейінгі автобустар және 5,5 тоннаға дейінгі жүк автобустары) - 10 тг/км;
4. автобустар (32 орыннан жоғары және 10 тоннаға дейінгі жүк көлігі) - 15 тг/км;
5. КҚ сыныбы (жүк көлігі 10-нан 15 тоннаға дейін) - 20 тг/км;
6. КҚ сыныбы (жүк көлігі 15-тен 25 тоннаға дейін) - 25тг/км.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу