Ақылы жолдарда жылдамдықты асыру автоматты түрде тіркеледі

278

Енді жылдамдықты арттыру жағдайлары автоматты бақылау аркалары арқылы тіркеліп, ақпарат тікелей ӘІБТ ПО жүйесіне жолданады. 

Ақылы жолдарда жылдамдықты асыру автоматты түрде тіркеледі Фото: shutterstock

2025 жылғы 29 қазаннан бастап "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы ақылы автожолдарындағы белгіленген жылдамдық режимін бұзу фактілері жөніндегі деректерді Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімінің процессингтік орталығына (ӘІБТ ПО) жіберуді бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл өз кезегінде жол қозғалысы ережелерін бұзу деректерін өңдеу кезінде ашықтықты, шынайылықты және жауапкершілікті қамтамасыз етпек.

Жылдамдық тіркелетін учаскелер:

– "Көкшетау – Петропавл" автомобиль жолы:

354 шқ – "Драгомировка" бақылау арқалығы

443,8 шқ – "Астраханка" бақылау арқалығы

473,126 шқ – "Бескөл" бақылау арқалығы

– "Алматы – Қорғас" автомобиль жолы:

38,243 шқ – "Балтабай" бақылау арқалығы

204,648 шқ – "Ұйғыр" бақылау арқалығы

205,480 шқ – "Панфилов" бақылау арқалығы

Жүргізушілерге маңызды ақпарат:

Жүйе көлік құралының нақты қозғалыс жылдамдығын тіркеп, оны белгіленген шектеумен автоматты түрде салыстырады.

Жылдамдықты асыру туралы мәліметтер ӘІБТ ПО жүйесіне жіберіліп, сол жерде әкімшілік материалдар қалыптастырылады.

Жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін, соның ішінде жылдамдық режимін қатаң сақтау ұсынылады, әсіресе ақылы учаскелер мен бақылау аркалары маңында.

– Аталған жүйенің енгізілуі жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға, жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға және республикалық маңызы бар трассаларда әділ әрі тиімді бақылау тетігін қалыптастыруға бағытталған, – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу