Ақылы жолдардағы төлем жасау ережелері жеңілдейді

186

ҚР Көлік министрлігі ақылы тасжолдардағы төлем жасау тәртібіне қатысты ережелерді жаңартуға кірісті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақылы жолдардағы төлем жасау ережелері жеңілдейді Фото: inbusiness.kz

Жаңартылған тәсілдер жүргізушілерге төлемді уақытылы жүзеге асыру үшін қосымша уақыт пен мүмкіндіктер ұсынып, төлем жасау үдерісін барынша ыңғайлы әрі түсінікті етуді көздейді.

Қолданыстағы нормаға сәйкес, егер жүргізуші жолақысын жеті күнтізбелік күн ішінде төлемесе, сегізінші күні материалдар ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексіне сәйкес белгіленген тәртіппен көлік бақылау органдарына жолданады.

"Алдағы уақытта жеңіл әрі ыңғайлы механизм енгізіледі: егер жеке тұлға жолақысын пайдаланған күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде төлем жасамаса, материалдар отыз бірінші күні ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексіне сәйкес көлік бақылау органдарына жолданады.

Бұған қоса, бұрынғы тәртіпте жеке және заңды тұлғаларға бөлек талаптар қарастырылмаған болса, енді заңды тұлғалар үшін жеке механизм енгізіледі. Жаңа нормаға сәйкес, егер заңды тұлға есептік кезеңнен кейінгі айдың 20-сына дейін төлем жасамаса, материалдар келесі күні көлік бақылау органдарына жолданатын болады", – деп түсіндірді ведомстводан.

Ұсынылып отырған өзгерістер жүргізушілерге төлем жасау үдерісін ыңғайлы етуге, төлем мерзімін ұлғайтуға және объективті себептерге байланысты төлем жасалмаған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылу қаупін азайтуға бағытталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу