Ақылы жолдардың ақауы бар учаскесінде жол жүру ақысы тегін болады

169

Елімізде ақылы жолдардың ақысы қайта қаралады.  

Ақылы жолдардың ақауы бар учаскесінде жол жүру ақысы тегін болады Фото: qaj.kz

Ресми мәлімдеме бүгін министрліктің Telegram-каналында жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Қазақстанда республикалық маңызы бар ақылы автожолдарда қауіпсіздік пен көлік қозғалысының үздіксіз іске асырылуына кері әсер ететін ақаулар анықталған жағдайда, жол пайдаланушылары мұндай жол учаскелерімен жүріп өткені үшін жол ақысын төлеуден босатылады. Бұл норма төлем алу қағидаларына енгізілетін өзгерістер жобасында қарастырылды", - делінген хабарламада.

Егер ақылы автожолда жол қозғалысы қауіпсіздігіне әсер ететін және жөндеуді талап етіп тұрған жол учаскесі болса, дәл сол аралық үшін жөндеу жұмыстары толық аяқталғанға дейін төлемақы алынбайды.

"Мысалы, егер ақылы жол учаскесінің жалпы ұзындығы 100 шақырымды құраса, оның 5 шақырымы жөндеуді талап етсе, онда жол бойындағы ақаулар жойылғанға дейін жүргізушілер тек 95 шақырым жол үшін ғана ақы төлейді", - деп түсіндірді ведомоство өкілдері.

Бұл өзгеріс биылғы маусым айынан бастап күшіне енеді деп жоспарланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу