Ақылы жолдардың ақысы қымбаттай ма?

728

Еуропа елдерінде тарифтер жүк көліктері үшін 5 есе, ал жеңіл автокөліктер үшін 20 есе жоғары.

Ақылы жолдардың ақысы қымбаттай ма?

Бірінші санаттағы жаңа ақылы учаскелерде жүру үшін төлем тарифтерін 2013 жылғы деңгейде қалдыру жоспарланған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Абдуллин мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

"Ақылы жолмен жүру тарифтері 2013 жылы бірінші ақылы учаске енгізілген кездегі деңгейде қалды. Атап айтқанда, жеңіл автокөліктер үшін – 1 шақырымға 1 теңге, ауыр жүк көліктері үшін – 1 шақырымға жүк көтерімділігіне байланысты 5 теңгеден 25 теңгеге дейін. Салыстырар болсақ, көршілес Ресейде жеңіл автокөліктер 1 шақырым үшін 7 теңге және жүк көліктері 7-ден 55 теңгеге дейін төлейді", – деді Төлеген Абдуллин

Ал Еуропа елдерінде тарифтер жүк көліктері үшін 5 есе, ал жеңіл автокөліктер үшін 20 есе жоғары екен. Бұл ретте спикер 2025 жылға дейін ақылы жүйені республикалық желідегі автомобиль жолдарының 11 мың шақырымына енгізу көзделгенін атап өтті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу