Ақылы жолға арналған RFID-таңбалар беріле бастады

613

RFID-таңба алған жүргізушілер шлагбаум арқылы өтеді. 

Ақылы жолға арналған RFID-таңбалар беріле бастады

Жолдағы төлем қабылдау бекетінен тоқтамай өтуге мүмкіндік беретін RFID-таңбалар әлемде бұрыннан қолданылады. 

"QazAvtoJol ҰК" АҚ баспасөз қызметі хабарлағандай, қазір RFID-таңба Нұр-Сұлтан – Щучинск, Нұр-Сұлтан – Теміртау және Алматы – Қапшағай тас жолдарындағы төлем қабылдайтын орындарда беріледі. Жуық арада Алматы – Қорғас тас жолында орнату жоспарланып отыр. Таңбаны жеке шотқа байлау бес минут уақыт алады. Ол үшін жеке куәлік пен тех.паспорт жеткілікті. 

Болашақта чип көмегімен жаңа жолдардың да ақысын төлеуге болады. Айта кетейік, 2021 қолданысқа берілетін жолдарда шлагбаум болмайды. 

Олжас Оқас

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу