Ақылы жолға қарызы бар көлік иелеріне кейбір жолдармен жүруге тиым салынуы мүмкін

Банк секторының активтері  0,6 трлн теңгеге ұлғайды. 

Ақылы жолға қарызы бар көлік иелеріне кейбір жолдармен жүруге тиым салынуы мүмкін Фото: dknews.kz

2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша көрсеткіш 42,4 трлн  теңгені құрады.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің дерегінше, 2022 жылғы қазандағы активтердің өсуі несие портфелінің 1,8%-ға немесе 410 млрд теңгеге ұлғаюы нәтижесінде болды.

Өтімділігі жоғары активтер 13,0 трлн теңгені немесе активтердің 30,8%-ын құрады, бұл банктерге клиенттер алдындағы өз міндеттемелеріне толық жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Экономикаға кредиттер 2022 жылғы қазанда 1,8%-ға өсіп, 21,5 трлн теңгені құрады (жыл басынан бері өсім – 16,1% немесе 3,0 трлн теңге).

Ұлттық валютадағы кредиттер 2022 жылғы қазанда 2,0%-ға  19,7 трлн теңгеге дейін ұлғайды, шетел валютасындағы кредиттер 0,7%-ға 1,8 трлн теңгеге дейін төмендеді.

Заңды тұлғаларға кредиттер 2022 жылғы қазанда 0,8%-ға ұлғайып, 8,1 трлн теңгені құрады. Бұл ретте ағымдағы жылдың басынан бері осы көрсеткіштің өсуі 4,4%-ды құрады (2021 жылғы осындай кезеңде – 2,4%-ға өсті).

Еске сала кетсек, 2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының банк секторын 21 екінші деңгейдегі банк құрайды, оның ішінде 12-і шетел қатысатын банк, оның ішінде 9 еншілес банк.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу