Ақылы жолға қарызы барлардың көлігі тіркеуге алынбауы мүмкін

184

Жол-көлік саласында бірқатар жаңашылдықтар енгізілмек. 

Ақылы жолға қарызы барлардың көлігі тіркеуге алынбауы мүмкін Фото: inbusiness.kz

ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев жол-көлік саласындағы заңнамаға ұсынылып отырған бірқатар жаңашылдықтарды атады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ведомство басшысының айтуынша, жол саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша да бірқатар ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. 

Нақтырақ айтсақ: 

жол қозғалысының қауіпсіздігі үшін көлік құралының орташа қозғалыс жылдамдығы енгізілді;
ақылы жолдар бойынша берешегі бар көліктерді қарызды өндіріп алу үшін тіркеуден бас тарту. 

Бұған қоса, берешегі бар шетелдік көліктерді айыппұл тұрағына қамау мен елден шығармау тетігі пысықталған: 

ауыр жүк көліктеріне шамадан тыс жүк тиегені үшін автоматтандырылған жүйе арқылы айыппұл салу мәселесі шешімін тапты;

ақылы жолдармен жүру ақысын уақтылы төлемегені үшін айыппұлды автоматтандыру процесі пысықталуда;

жобаларды уақытылы бастауды қамтамасыз ету үшін карьерлерді рәсімдеу тәртібін жеңілдету қарастырылып жатыр. 

Министр аталған өзгерістерді жедел енгізу елдегі жолдардың жай-күйін жақсартып, пайдалану мерзімін ұзартатынын айтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу