Ақылы жолға уақытылы төлем жасамағандарға қанша айыппұл салынады?

215

Бүгінде тиісті айыппұл мөлшері 5 АЕК-ке тең.

Ақылы жолға уақытылы төлем жасамағандарға қанша айыппұл салынады? Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаев Үкімет отырысынан кейінгі брифингте айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Жүйеге сәйкес, ақылы жолды пайдаланғандарға бірден төлемақы келеді, шлагбаум жоқ. Жүргізуші төлемді екі аптаның ішінде төлемеген жағдайда жүйеміз "Сергек" сияқты автоматты түрде айыппұл жібереді, интеграция жасалынған. Айыппұлдың мөлшері Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте белгіленген. Бұл 5 АЕК-ті (ред. – 1 АЕК – 3 692 теңге) құрайды. Шетелдік көліктерге дәл осындай айыппұл салынады", - деді Көлік министрі.

Сөзінше, шетелдік көліктерді бақылау бойынша қосымша екі құрал қарастырылған. 

"Біріншісі – оларды көлік инспекциясы тоқтатып, көліктерді арнайы айыппұл тұрағына апара алады. Екіншіден, шетелдік көліктер елден кіріп шығу үшін электронды түрде кезек талонын алуы керек. Бұл кезек талоны айыппұлы бар, яғни ақылы жолдарда төленбеген берешегі бар көліктерге мүлдем берілмейді. Елдің ішіне кірген көлік ақшасын төлемегенше елден шықпайтын болады",- деп түсіндірді Марат Қарабаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу