Рақым Ошақбаев: Девальвация туралы ақпарат халыққа алдын ала мәлімделуі тиіс

1136

Рақым Ошақбаев: Девальвация туралы ақпарат халыққа алдын ала мәлімделуі тиіс

Валютаның құнсыздануы туралы нақты ақпарды халық алдын ала білу керек. Бұл мәліметті Ұлттық банк дер кезінде жариялауы тиіс, дейді "Талап" қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Рақым Ошақбаев. Бұл туралы khabar.kz. хабарлайды.

Мамандардың сөзінше, теңге еркін айналымға шыққалы бері қарапайым халық тәуекелге баруға мәжбүр. "Яғни, қолдағы ақшасының қашан құнсызданатынын білмей, оны түрлі валютада ұстайды", – дейді экономист.

Жақында ресейлік экономистер теңгенің долларға шаққандағы бағамы 470-ке дейін құлдырауы мүмкін деген болжам жасаған. Алайда кейін Ұлттық банк баспасөз қағазында бұл болжамды жоққа шығарды.

"Бұны естіген қарапайым халық валюта айырбастау пункттеріне жаппай барып жатқан жоқ. Бірақ бұл жағдайда да тәуекел тұрғындардың өзінде ғана", – деп қосты Рақым Ошақбаев.

Мәселен, үстіміздегі қыркүйек айында мұнайдың баррель бағасы – 54 доллар, ал рубльдің долларға шаққандағы бағамы 57,3 рубль деңгейінде нығайды. Ал теңгенің бағамы көршілес елдің валютасы тікелей байланысты болса да, керісінше, әлсірей түсті. Қазір 1 доллар 340 теңге 84 тиынды құрайды. "Бұл факторға Ұлттық банктің нақты экономикалық саясатын жарияламай отырғаны бірден-бір себеп", – дейді маман.

"Девальвацияның кері әсерінің алдын алу үшін Ұлттық банк девальвация қашан болатынын нақты жариялап, мезгіліне дейін белгілеп қоюы тиіс. Сонда ғана халықтың жинап-терген қаржысы бос кетпейді. Бұл жағдайда мемлекеттің алтын-валюталық қоры шығындалады. Бірақ елдің экономикалық саясатының басты бағыты халықтың әл-ауқатын жақсарту екенін ұмытпау керек", - дейді "Талап" қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Рақым Ошақбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу