Ақымақ болма, енеңнің қолын босат, бәрін өзің істе – Гүлзира Айдарбекова

8840

Әнші Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова  "Мамский әңгімеге" берген сұхбатында ағынан жарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақымақ болма, енеңнің қолын босат, бәрін өзің істе – Гүлзира Айдарбекова Фото: @zangaar

Ол өзінің келіндері жайлы, өзі қандай ене екені туралы әңгіме өрбітті.

"Келін келгенде қатты қуанасың, ең бақытты ене сезінесің өзіңді, барлық ененің басынан өткен тағдыр шығар. Келін келген кезде, барлық проблеманың бәрі таусылып, бәрін міне деп соған ысырып, өзің демалатын сияқты болып көрінесің ғой, соны күтесің, қатты күтесің. Бірақ сен махаббатыңды, жылулығыңды берген сайын, болады біреулер маған осындай жақсылық жасап жатыр ғой, мен осыған қайтарайыншы, алғысым болсыншы, алдында жүгірейінші дегендей ниет болады. Ал жоқ, осылай болу керек, маған олар жағдай жасау керек деп ойлайтындар да бар. Енді оның барлығын қыздың анасы айтып отыру керек. Ақымақ болма, сен сол үйге келін болдың ба, енеңнің қолын босатып, бәріне жүгір, көмектес, енеңнің бір қанаты болып жүр деген сияқты айту аналардың парызы деп ойлаймын", - деді продюсер.

Оның айтуынша ана деген тек қана қызының жағдайын ойламау керек, ол барған жеріне де қызы жақсы сіңіп кету үшін, құрметте сыйла деп айтып отыру керек.

"Құда мен құдағи бір кемедегі адамдар. Баламызға көп ұрсамыз, келінге көп жақтасамыз. Баланы төмендетіп, келінді көтермелеп отырамыз. Соны дұрыс деп ойлаппыз. Негізі аналардың есінде болсын, мейлі келіндер жақтырсын, жақтырмасын. Балаң жібермей тұрған жерге, жоқ балам барсын демеу керек екен. Баланы аяқ астына салып бермеу керек. Біз сол жағынан қателік жіберіп қойдық. Ене мен келін тату болу керек, өйткені екеуі бір адамды жақсы көреді", - деді белгілі продюсер. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу