Ақын, аудармашы Әбдірахман Асылбек дүниеден озды

2202

Лирика, ән мәтіндерін жазып, сатира және аударма жанрларымен де айналысты. Жалпы қазаққа танымал "Жар-жар", "Қараторғай" секілді ондаған әннің мәтінін жазған.

Ақын, аудармашы Әбдірахман Асылбек дүниеден озды Фото: khabar.kz

Қазақ әдебиеті мен руханияты ауыр қазаға душар болды. 81 жасқа қараған шағында көрнекті ақын, аудармашы Абдрахман Асылбек дүниеден озды, деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Абдрахман Асылбек 1938 жылы 1 мамырда Жамбыл облысының Талас ауданына қарасты Үшарал ауылында туған. ҚазПИ-дің тарих-филология факультетін бітіргеннен кейін мектепте мұғалім болған. Аспирантурада оқыған, облыстық газетте, республикалық Қазақ радиосында, Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінде қызмет жасаған.

Сондай-ақ, "Жазушы", "Жалын" баспаларында, Қазақстан Жазушылар одағындағы көркем әдебиетті насихаттау бюросында, Қазақстан Жазушылар одағының Жамбыл облыстық бөлімшесінде, республикалық "Әділет", "Мәдениет", "Заң", "Көзқарас" газеттерінде қызмет істеген.

"Заңгер" журналында бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, ҚР Бас Прокуратурасының "Құқықтық Қазақстан" газетінің бас редакторы болған, кейіннен осы газеттің бас редактордың орынбасары болды.

1955 жылы "Бейбітшілік бақшасы", "Жауды аяған жаралы" сияқты тырнақалды шығармалары басылған. Балаларға арналған алғашқы өлеңдер жинағы 1961 жылы жарық көрген. Содан бергі уақытта 31 жыр кітабын шығарды.

Лирика, ән мәтіндерін жазып, сатира және аударма жанрларымен де айналысты. Жалпы қазаққа танымал "Жар-жар", "Қараторғай" секілді ондаған әннің мәтінін жазған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу