Ақыртас кешені туристік орталыққа айналады

1488

Ақыртас кешені туристік орталыққа айналады

Жамбыл облысындағы Ақыртас сарай кешені толық зерттеледі. Оған еліміздің археологтарымен қатар шетелдік ғалымдар да тартылмақ, деп хабарлайды 24.kz.

Халықаралық экспедиция зерттеу жұмыстарын мамыр айынан бастайды. Бұл туралы мәдениет және спорт министрі көшпелі баспасөз конференция барысында мәлім етті.

Айта кету керек, ғалымдар кешенді 130 жыл бойы зерттеп келеді. ЮНЕСКО тізіміне енген археологиялық ескерткіштің құпиялары бүгінгі күнге дейін толық анықталмаған. Жиында Ақыртас пен өзге де тарихи-мәдени мұра нысандарын туристік орталыққа айналдыру мәселелері талқыланды.

Мамандардың айтуынша, Ақыртастың балбал тастары Түрксіб темір жолын салу кезінде құрылыс материалдары ретінде пайдаланылған. Сол уақытта кешенді бұзып дайын тастарды темір жол астына төсеп, бекеттердің іргетасын қалаған көрінеді. Осы жоғалған дүниелерді қалыпқа келтіру мақсатында облыстық әкімдік, министрлік және "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы үшжақты меморандумға қол қойды.

 "Жоспарға келсек. Әрине, қазір археологиялық жұмыстарға реставрация керек. Деректі фильмдер шығаруымыз керек. Сонымен бірге үш тілде бүкіл дүниежүзіне кеңінен тарайтын кітаптар немесе мағлұматтар шығаруымыз керек. Ақыртасты дамытсақ, туристер келіп жатса, сол туристен түскен пайда осы Ақыртасты әрі қарай дамытуға арналады",- дейді министр Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу