Ақырзаманды болжаған қазақстандыққа айыппұл салынды

419

Аталған тұрғынға қандай шара қолданылады?

Ақырзаманды болжаған қазақстандыққа айыппұл салынды Фото: jasqazaq.kz

Алматы облысында ақырзаманды болжап, жұртқа айтып, заңсыз үйінің жобасын жабдықтаған тұрғынның үстіне көршілері арызданды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Полиция мәліметінше, ол өз пәтерінде жақын арада апокалипсис болады деген ескертумен жиналыстар өткізген.

"Тексеру барысында азаматтың тұрғылықты мекен-жайы бойынша бөгде адамдар анықталған жоқ. Сонымен қатар, үй-жайды заңсыз қайта жабдықтау және қайта құру фактісі анықталды. Діни құрамдас бөлікті ескере отырып, азаматтардың өтініштері негізінде полиция аудан әкімдігін хабардар етті", – деп хабарлады полиция.

Бұған дейін 2023 жылы тұрғын заңсыз діни қызметке жол бермеу туралы ресми ескерту алған. Енді ішкі саясат бөлімінің мәліметі бойынша, оған жалған христиандық ағым аясында қызметін жалғастырғаны үшін айыппұл салынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу