Ақышев: 2018 жылғы 7 ақпаннан бастап банктердің өтінімдерін қарау тоқтатылды

917

 Ақышев: 2018 жылғы 7 ақпаннан бастап банктердің өтінімдерін қарау тоқтатылды

Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев мемлекет басшысының қатысуымен өткен үкіметтің отырысында банк секторының қаржылық орнықтылығын арттыру бағдарламасының негізгі бағыттары туралы айтты, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.
Данияр Ақышевтың айтуы бойынша, бағдарлама іс жүзінде банктердің орнықтылығын арттырды және экономиканы кредиттеуді кеңейтуге айтарлықтай әсер етті. Экономикаға Казкоммерцбанкті қоса алғанда, үстеме капиталдандыру алған банктерге жаңа қарыздар беру 781 млрд теңге болды.
"Алайда, қолдау көрсету бағдарламалары елдегі қаржылық тұрақтылық үшін мәні бар ірі институттарды ғана қамтуға тиіс екендігін халықаралық тәжірибе растап отыр. Оның үстіне, мемлекеттен жеңілдетілген ресурстар ұсыну опциясы қаржы институттарының акционерлері арасында масылдық көңіл-күйді дамытуға жол бермеу мақсатында тек қысқа мерзімді сипатта болуға тиіс", - деді Ақышев.
Ол мемлекеттің тұрақты қолдау желісі барлық банк үшін олардың банк жүйесіндегі рөлі мен мөлшеріне қарамастан мемлекеттен арзан ақша алуын ынталандыратынын айтып берді: "Біз ахуалы жалпы қаржы тұрақтылығына ешқандай қауіп төндірмейтін шағын банктер бағдарламаға қатысатынына сеніп отырғанын көріп отырмыз. Сондықтан Ұлттық банк басқармасы 2018 жылғы 6 ақпанда бағдарламаны ірі банктерді үстеме капиталдандыру бойынша шаралар бөлігінде іске асыруды аяқтауға шешім қабылдады. 2018 жылғы 7 ақпаннан бастап банктердің өтінімдерін қарау тоқтатылды, ал осы мерзімге дейін келіп түскен өтінімдер қаралмайды".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу