Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев криптовалютаға Қазақстанда тыйым салынуы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы Ақышев "Российская газетаға" берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды Today.kz.
"Анық түсінетініміз – бұл ақша емес, бағаның өлшемі емес, оны төлем үшін қолдануға болмайды. Криптовалюта – негізінен спекуляция үшін, тез табыс табу мақсатында қызмет ететін тәуекелге бару мүмкіндігі жоғары құрал", – деді Данияр Ақышев.
Ұлттық банк төрағасы ЕЭО ішінде электронды ақшаға тыйым салған ел ретінде Арменияны атады.
"Арменияда қатаң шектеу қойылды. Ресейде дұрыс түсінсем бұл мәселеге келгенде пікір екіге бөлінген, пікірталас жалғасып жатыр. ЕЭО елдерінің ішінде барлық операцияны құқық аясында шешу шешімін қабылдаған жалғыз ел – Беларусь болып отыр, бұл тұрғыда бірінші кезекте Ресей айналасындағы нарыққа сүйенетін сияқты. Біз саналы түрде осындай консервативті тәсілді таңдадық. Бұдан да қатаң тәсіл бар – криптовалютаны ауамен мойындау. Мәскеу өзенінен ауаны сатып алуға болмайды емес пе? Дәлірек айтқанда, бұл ауаның сіздікі екенін мойындайтын бір топ адам тапсаңыз, сатып алуға болады. Мемлекеттік тұрғыдан қарағанда, бұл келісімшарт түкке тұрмайды, бұл ауаға құқықты ештеңе кепілдендірмейді", – деді Ақышев.
Айта кетейік, ЕЭО елдері арасындағы өзара есеп айырысу Ресеймен саудаласқан кезде рубльмен, одақтың басқа елдерімен сауда жасау кезінде АҚШ долларымен жүргізіледі.