Ақышев пен Ким "Самұрық-Қазына" қорының директорлар кеңесінің құрамына енді

993

Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың көмекшісі Данияр Ақышев пен миллиардер Вячеслав Ким "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ директорлар кеңесіне енді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ақышев пен Ким "Самұрық-Қазына" қорының директорлар кеңесінің құрамына енді

"Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы №669 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы №962 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулыға 4 – қосымшада көрсетілген қаулыда: "Мәжібаев Қайрат Қуанышбайұлы – тәуелсіз директор" деген алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын: "Ким Вячеслав Константинович – тәуелсіз директор; Ақышев Данияр Талғатұлы – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының көмекшісі", - деп жазылған қаулыда.

Айта кетейік, Вячеслав Ким Kaspi.kz компаниясының ірі акционерлерінің бірі. Сәуірде Forbes журналы Кимді әлемдегі ең бай адамдардың тізіміне енгізген – миллиардерлердің әлемдік рейтингісінде 925-орында

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу