Ақысыз демалысқа жіберілген қызметкерлер үшін ғана өтініш беру керек

1209

Қашықтан, толық емес режимде істейтін, жалақысын толық алып жүрген қызметкерлерді тізімге қосуға болмайды. 

Ақысыз демалысқа жіберілген қызметкерлер үшін ғана өтініш беру керек

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемді алу үшін жалдамалы жұмысшыларға өтінім беру кезінде жұмыс берушілер нені ескеруі тиіс екенін айтты. 

"Жалдамалы жұмысшылар үшін өтініш беретін жұмыс берушілер назарына: сіздер ақысыз демалысқа жіберілген өз қызметкерлеріңіз үшін ғана өтініш бере аласыздар. Қашықтан, толық емес режімде істейтін, жалақысын толық алып жүрген қызметкерлерді бұл өтінішке қоса алмайсыз. Өтінішті екі порталда: egov.kz – "электронды үкіметтің" веб-порталы және 42500.enbek.kz порталында тіркей аласыздар. Онда кәсіпорынның мәліметін көрсетесіздер. БИН-ді көрсеткенде барлық ақпарат шығады. Әр жұмысшының ЖСН-ын көрсеткенде адам туралы барлық мәлімет шығады, соны бір тексеріп аласыздар. Порталға кіргенде 20 қызметкердің өтінішін топтастырып жібере аласыздар. Сөйтіп, оны электронды цифрлық қолтаңбамен бекітесіздер. Тағы да ескертемін, карантинге қатысты күшейтілген шаралар кесірінен жұмыс  тоқтап тұрса ғана өтініш жіберіңіздер", – деді Біржан Нұрымбетов. 

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу