"Ақжайық" футбол клубының бұрынғы басшысы ұсталды

238

Ол 2023 жылдың қыркүйегінен бастап "Ақтөбе" футбол клубын басқарған болатын.

"Ақжайық" футбол клубының бұрынғы басшысы ұсталды Фото: sportplustv.kz

"Ақжайық" футбол клубының бұрынғы басшысы Азамат Шайхы ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі сотқа дейінгі тергеу аясында "Ақжайық" ЖШС бұрынғы директорының ұсталғанын растады.

"Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды. Өзге де ақпарат жария етуге жатпайды. Тергеу жалғасуда", – делінген агенттік хабарламасында.  

Еске салсақ, Азамат Шайхы "Ақжайық" футбол клубының директоры қызметінен 2022 жылдың маусым айында өз еркімен кеткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу