Ақжарқын Тұрлыбай ісі бойынша күдікті ретінде танылған Нигерия азаматы ұсталды

1310

Бұған дейін оған халықаралық іздеу жарияланған болатын. 

Ақжарқын Тұрлыбай ісі бойынша күдікті ретінде танылған Нигерия азаматы ұсталды

Шет мемлекеттің территориясында Ақжарқын Тұрлыбай ісі бойынша күдікті ретінде танылған Нигерия азаматы ұсталды.

Бұл туралы журналистерге отандық адвокат Сұңқар Нұрмағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы Zakon.kz-ға сілтеме беріп.

Адвокат Сұңқар Нұрмағамбетов шетелдік азаматтың ұсталғаны туралы алдын ала белгілі бір ақпаратқа сілтеме жасай отырып мәлімдеді.

"Алдын ала ақпарат бойынша, шет мемлекеттің территориясында 2014 жылы Ақжарқын Тұрлыбайдың Қытайға сапарын ұйымдастырды деп күдікке ілінген Нигерия азаматы Адиндо Нонсо Фортуне - "Джонни" ұсталды. Осы негізде ақпарат алу үшін ҚР ІІМ-ге адвокаттық сұрау жолдадым". 

Адвокат Сұңқар Нұрмағамбетов

Айта кетелік, 2015 жылы ҚР ІІМ Нигерия азаматына қатысты қылмыстық іс қозғады.

Қазақстан азаматы Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы Гуанчжоу әуежайында ұсталды. Оған есірткі контрабандасы бойынша айып тағылып, өмір бойы бас бостандығынан айырылды. Ақжарқынның қорғаушылары оны Қазақстанға қайтаруды талап етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу