Ақжарқын Тұрлыбайдың соңғы мүмкіндігі қалды

1265

Айыпталушы тарап қытай сотының шешімін тағы бір рет аппеляцияға беруге құқылы.  

Ақжарқын Тұрлыбайдың соңғы мүмкіндігі қалды

Есірткі тасымалына қатысты деген күдікпен өмір бойына сотталған Ақжарқын Тұрлыбай Қытай сотының шешімін тағы бір рет аппеляцияға беруге құқылы. Бірақ бұл аппеляция соңғы мүмкіндік болмақ. Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров БАҚ өкілдеріне осындай мәлімет берді.

"Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы үкім шыққанын білесіздер. Қазір оның адвокаттары  соттың осы шешімін аппеляцияға беру керек пе деген мәселені қарап жатыр. Ол сот шешімін қайта қарау туралы шағым түсіруге құқылы. Адвокаттары бұл мүмкіндікті пайдалана алады", – деген ресми өкіл "Бұл соңғы мүмкіндік пе" деген сауалға "Мен солай деп ойлаймын" деп жауап берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу