Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі: Нигерия өз азаматын әлі экстрадицияламаған

Бұл істі аталған ел тарапы қарастырып жатыр. 

Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі:  Нигерия өз азаматын әлі экстрадицияламаған Фото: el.kz

Ақжарқын Тұрлыбай ісі бойынша күдікті Нигерия азаматы ұсталып, әлі   елімізге экстрадицияланбаған. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады, деп жазады inbusiness.kz. 

Заңсыз есірткі айналымына қатысты деп күдікке іліккен Нигерия азаматына іздеу жарияланған, 20 маусымда ол ұсталған.

"Адиндо Н.Ф. есірткінің заңсыз айналымына қатысты қылмыс жасағаны үшін Алматы қалалық полиция департаментімен іздеуде болған. Ол 20 маусымда Нигерияда ұсталды. Қазір оны қамауда ұстау және Қазақстанға одан әрі экстрадициялау туралы одан әрі процессуалдық шешім қабылдау мақсатында қажетті материалдар Нигерия ҰОБ-на жолданды. Бұл істі Нигерия тарапы қарастырып жатыр", –  деп жазылған хабарламада.

Еске сала кетсек, отандасымыз Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы наурызда Гуанжоу әуежайында ұсталған еді. Қытай соты оны өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы жаза тайындаған. Біраз уақыттан кейін сот үкімі жойылып, іс қайта қарауға жолданған. Алайда 2020 жылы апелляциалық сот жазаны өзгеріссіз қалдырды. 

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу