Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша отырыс өтті

916

Іс бойынша отырыс Гуанчжоу сотында өтті.

Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша отырыс өтті

Бүгін Гуанчжоу сотында есірткі контрабандасымен айналысты деп айыпталған Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша отырыс өтті. Оның барысында қорғаушы тарап ұсынған қылмыстық істің материалдары қаралды.

СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, отырысқа қорғаушылар, Қазақстанның Қытайдағы елшілігінің өкілдері, Ақжарқын Тұрлыбайдың анасы және аудармашы қатысқан. Кездесу 2 сағаттан астам уақытқа созылды.

"Ақжарқын Тұрлыбайдың денсаулығы жақсы. Сотта өзін-өзі жақсы ұстап, сот тарапынан қойылған сұрақтарға өз бетінше қытай тілінде түсініктеме берді",– делінген хабарламада.

Үкімнің жарияланатын күні белгіленген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу