Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты сот шешімін жариялау кейінге қалды

1025

Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты сот шешімін жариялау кейінге қалды

Қытайда сотталған қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі бойынша шешім шығару мерзімі белгісіз уақытқа кейінге шегерілді, деп хабарлады журналистерге қыздың адвокаты Сұңқар Нұрмағамбетов, деп жазады "Спутник-Қазақстан" агенттігі.
Бұған дейін Гуанжоудың апелляциялық соты 27-28 ақпанда шешім шығарады деп хабарланған болатын. 
"Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі бойынша үкімді жариялау белгісіз мерзімге шегерілді. Отырыс уақыты туралы барлық мүдделі тұлғалар ақпараттандырылатын болады", — деп хабарлады Нұрмағанбетов. 

Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылдың наурыз айында Гуанчжоу әуежайында есірткі заттарын тасымалдады деген күдікпен ұсталған болатын. 2015 жылы маусымда сот 21 жасар қызды ірі көлемде есірткі контрабандасына кінәлі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айыруға соттады. Апелляциялық инстанция соты өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы үкімді жойды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу