Палестинаның WAFA агенттігі дереккөздерге сілтеме жасай отырып, Иерусалимдегі әл-Ақса мешітіндегі израильдік қауіпсіздік күштерімен қақтығыстар кезінде ондаған палестиналық зардап шеккенін хабарлайды, деп жазады inbusiness.kz.
Дереккөздердің хабарлауынша, Израиль күштері сейсенбі күні кешке мешіттің намазханасына кіріп, сол жердегі палестиналықтарға шабуыл жасап, оларға қарсы жарық-шу гранаталарын, улы газ бен резеңке оқтар қолданған.
Палестиналық тұтқындар істері комитетінің өкілі Рияд әл-Ашкар журналистерге Израиль Әл-Ақсаға жасалған рейдтің нәтижесінде 200-ден астам палестиналықты ұстағанын айтты. Оның айтуынша, ұсталғандар Иерусалимдегі Аната Израиль әскери базасына ауыстырылды.
"Әл-Ақса мешітіндегі жаралғандардың көбісі шұғыл емдеуді қажет етеді", — деді әл-Ашкар. Израиль оларға медициналық көмек көрсетуден немесе ауруханаларға ауыстырудан бас тартқанын айтты.